Бір тәулікте 2500 қазақстандық банкроттыққа өтінім берді

6 Наурыз 2023, 09:40 654

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, бір тәулікте 2500 ден астам ел азаматы банкроттыққа өтініш қалдырған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Айта кетейік, азаматтардан банкроттық туралы өтініш қабылдау 3 наурызда басталған болатын. Қазақстандықтар өтінім үшін еGov және e-Salyq Azamat порталдарын қолданған.

Банкроттыққа өтініш беру бойынша көш басында Түркістан облысы тұр. Бір күнде өңірдегі 289 азамат осы қызметке жүгінген.

EL.KZ
Бөлісу: