Бір күнде 282 адамнан коронавирус анықталды

22 Желтоқсан 2022, 09:35 1133

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті

Өткен тәулікте 282 адам коронавирус індетіне шалдықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

22 желтоқсандағы мәлімет бойынша, елімізде 2 414 адам коронавирус инфекциясынан (–2 291+ және 123 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 311 пациент стационарда, 2 103 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

«КВИ-ге шалдыққандардың арасында 9 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр, 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», - деп жазды Денсаулық сақтау министрлігінен.

EL.KZ
Бөлісу: