Бір күнде 115 адамнан коронавирус анықталды

5 Қаңтар 2023, 09:13 974

Бұл туралы ДСМ мәлім етті

Қазақстанда өткен тәулікте 115 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

5 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 447 адам коронавирус инфекциясынан (–2 273+ және 174 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 305 пациент стационарда, 2 142 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 14 адамның жағдайы ауыр,

• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 2 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

EL.KZ
Бөлісу: