Бір күнінде мопед жүргізушілері 114 рет жол ережесін бұзған

23 Тамыз 2022, 00:21 1776

Статистикалық мәліметтер бойынша Алматыда мобильді көліктердің қатысуымен жол апаттарының саны 4 есе өскен. 

Алматыда мобильді көлік түрлерін пайдаланатын адамдардың жол ережелерін бұзу деректерін анықтау жұмыстары күшейтілді, деп хабарлайды EL.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев мәлім етті.

Мәселен, Алматыда алдын алу іс-шарасының бір күнінде мопед жүргізушілері 114 рет жол ережесін бұзған. Құқық бұзушылар ӘҚБтК-нің 615-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұлдың жалпы сомасы 698 364 теңгені құрады, – деді ол.

Сондай-ақ ол жаз мезгілінде Алматыда мопед және электросамокат жүргізушілерінің жол ережелерін бұзу оқиғалары артқанын хабарлады.

Статистикалық мәліметтер бойынша Алматыда мобильді көліктердің қатысуымен жол апаттарының саны 4 есе өскен. Биылғы жылдың 6 айында мопед және электросамокаттардың қатысуымен 77 жол апаты болып, салдарынан 81 адам жарақат алып, біреуі қайтыс болды. Сондай-ақ, самокат пен скутерде балалардың қатысуымен 21 жол апаты тіркеліп, одан 23 бала жарақат алды, - деді ол.

EL.KZ
Бөлісу: