Бір айдың ішінде қанша азамат банкроттыққа арыз берді

4 Сәуір 2023, 14:34 2894

Бір айда 34 мыңнан астам қазақстандық өзін банкрот деп тану туралы өтініш білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Соттан тыс банкроттық про­це­дурасы басталған борышкер­лердің санын tazalau.qoldau.kz сайтынан көруге болады. 

Сайттағы ең төменгі қарыз сомасы - 1383 теңге. Бұл өзін банкрот деп тану туралы шешім қабылдаған Қызылорда облысының тұрғыны көрсеткен сома. Сондай-ақ, 8 876 теңге (Павлодар), 11 995 теңге (Түркістан облысы) және 13 553 теңге (Алматы облысы) болатын берешек сомасы бар.

Ең көп қарыз сомасы бойынша Алматы облысы Талғар ауданы­ның тұрғыны өтініш берген. Ол Еуразиялық банкке 282 млн 784 мың 016 теңге қарыз. Ал Қарағанды облысы Абай ауданының тұрғыны «Home Credit Bank» АҚ мен «Kaspi Bank» АҚ-на жалпы сомасы 208 млн 142 мың 161 теңге қарыз екенін кө­руге болады. 

Айта кетейік, соттан тыс банкроттық бойынша берешек сомасының шекті мәні 1600 АЕК немесе биылға 5 520 000 теңге болады.

EL.KZ
Бөлісу: