«Бір айда екінші сәби»: Баян Мақсатқызы тағы ана атанды

19 Тамыз, 15:21 7793

Баян Алагөзова бір айда екінші рет сәбилі болғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол өзінің Instagram парақшасында ешкім күтпеген жаңалығымен бөлісті.

Біз сені сегіз жыл және Алисадан он бес күн артық күттік. Бізде қыз туылды. Алагөзова Алма Тұрсынғалиқызы, - деп жазды ол.

Желі қолданушылары "Бауы берік болсын, періштелерге әдемі өмір сыйлайтыныңыздарға сенімдімін. Бірақ халат киіп образға кіре салатыныңыз таңқалдырады", "Түк түсінбегеніміз бар енді", "Ештеңе түсінікті емес, бірақ қызық болып тұр" деп жазып жатыр. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: