Білім күніне ашық сабақ сценарийі

2 Қараша 2015, 06:46

Білім күніне ашық сабақ

1 қыркүйек – айрықша мәні бар, айтулы Білім күні. Балалар өмірінде кезекті оқу жылы басталды.

МДМ-де оқыту-тәрбиелеу жұмысы бір сәтке де толастамағынның өзінде де, мектеп жасына дейінгі балалар 1қыркүйекте әдемі киініп, гүл ұстаған оқушыларға қарап, тезірек өсіп мекепке баруды армандайды.МДМ педагогтарының алдын ала жүргізетін жұмыстары болашақта мектептегі оқуға жақсы түрткі береді. «Білім күніне» арналған шара осы әдістердің бірінің ролін атқарады. Біздің балабақшада да 1 қыркүйекте мерекелік шаралар өткізу дәстүрге айналды.Мерекеде ересек топ балаларына Карлсон қонаққа келді.Сондай-ақ балаларға ептілік пен тапқырлықта сайысуға мүмкіндік туды. Балалар ән айтып, би биледі.Мереке өте тамашаөтті.Ересек топта «Біз бақытты балалар».сценариін дайындаған кезде келесі мақсат және міндеттер қойылды:

Мақсаты: Балаларға Білім күні-мерекесінің қоғамда алатын орнын көрсету; Мерекелік көңіл-күй орнату; балалардың мектеп туралы түсініктерін кеңейту; мектеп оқу құралдарымен таныстыру;

 Міндеттері:                                                                                                      Білімділік:Балаларға 1-қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. . Елімізде тек қана бейбітшілік, тыныштық үшін, әр адам оған атсалысу керектігін түсіндіру.Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету

Дамытушылық:  Балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіріп айтуға үйрету.

Балалардың бойында ұлтық мақтаныш, өз ана тіліне деген сүйіспеншілік сезімдерін қалптастру.

Тәрбиелік: Бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.

Алдын ала жұмыс:Білім күні тақырыбына арналған әңгіме өткізу, оның маңыздылығын балалара жеткізу. Отан туралы,білім туралы- тақпақтар, мақал-мәтелдер, өлендер, жаттау,суреттер қарау,музыкалық ойындар,сайыстар өткізу.Өз еліне, жеріне, достарына   сүйіспеншілік  қасиеттерін  жеткізу жұмысын жасау.                                        

 

Көрнекі құралдар:  Қазақстан  Республикасының  рәміздері,суреттер, оқу құралдары, ойыншықтар.

Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сөздік, сұрақ  жауап,әңгімелеу.

Осы ойын-сауық  педагогтар мен балаларды оқыту және тәрбиелеу үрдісінде одан әрі жемісті еңбек етулеріне, жаңа идеялар мен мүмкіндіктерді жүзеге асыруға құлшындыра түседі.

Ересек топқа арналған«Біз бақытты балалар»   ойын-сауық 

Зал әдемі безендірілген . Көңілді әуенмен «Әрқашан күн сөнбесін» балалар залға кіреді.

                                   «Достық шеңбері» 

 Біздің топта балалар
 Тату - тәтті ойнайды.
 Дос көңілі әрқашан
 Тек жақсылық ойлайды

Жүргізуші:Бүгіннен бастап біз доспыз, арамыз ешқашан осы шеңбердей бұзылмасын.
                             

                             Мемлекеттік әнұранды орындау.

Жүргізуші:Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі кездесуіміз біздің білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналған. 1-ші қыркүйек күні барлық балалбақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерде тұңғыш қоңырау соғылады.

                            Қоңырау соққан бала шығады.

Жүргізуші:Осы тұңғыш қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады. Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп, сабақ оқып, тәрбие алу керексіңдер.

Жүргізуші:Балалар, мен сендерге сұрақ қойғым келіп тұр.

«Отан» деген сөзді естігенде не ойларыңа келеді? Отан ол не?
 Біз қандай мемлекетте тұрамыз? /ҚР картасы/ Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз
ҚР қандай қалаларын білесіңдер? Атап беріңдерші.
Қарағанды, Алматы, Астана.

 Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? /Астана суреті/
Астана

Кім Астанаға барды? Астанада қандай керемет үйлер бар?
Астанада – Хан шатыр, Байтерек, Ақ орда.

 Біздің президентіміз кім? /Н. Ә. Назарбаев портреті/
Нұрсултан Әбіш ұлы Назарбаев

ҚР рәміздерін кім біледі? /ҚР рәміздері/

 ҚР туында не суреттелген? Ол нені білдіреді?
Елтаңбада не суреттелген?
 Қазақстанда қандай ұлттар өмір сүреді?
 ҚР халқы бір - бірімен қалай өмір сүріп жатыр.
Тату өмір сүреміз, өйткені біз бір Отанда               

  Демир:

  Елтаңбасы елімнің,

  Неткен әйбат, әдемі!

 Тұнығындай көңідің

 Ортада аспан әлемі.

Аңсаған:

 Көк аспандай көкпеңбек

 Қазақстан жалауы

 Көк емес ол тектен тек

 Елдің ашық қабағы. 

Мақал-мәтел

 Отан оттан да ыстық.

 Туған жерге ту тік.
 Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас.

 Жүргізуші:Кәне,кім Отан,ел, халық туралы тақпақ жаттап келді?                                               Эмир:

 Отанды біз атамекен деп аялап атаймыз. 

 Өйткені оны мекен еткен,бабамыз бен атамыз.

Айжан:

Отанды әркім анасындай, қастерлейді бағала

 Өйткені Отан анасындай, бізді өсірер аялап.

Жүргізуші:Міне балалар біздер Елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар.                                              Қазақстан Тәуелсіз Республика болды.
Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті. Сессияда Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясын «Бүкіл халықтық өкілдік!» деп атады. Көреген Ұлт Көшбасшысының ұлы мақсатын сессияның аты да әйгілеп тұр: «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»!

Жүргізуші:Балалар, сендер көп нәрсені біліп, жақсы оқу үшін көп еңбектену қажет екенін білесіңдер. Халық айтқандай: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»: «Білім инемен құдық қазғандай».

Және балалық шақтан бастап еңбек етуге бейімделу керек.

 Ал сендер білім турады қандай мақал мәтелдер білесіндер?

 Мақал- мәтел.

 Білім басы- бейнет, соңы-зейнет.  

 Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт.·     

 Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.

 Білім арзан, білу қымбат .  

 Күш- білімде, білім-кітапта.

Өлен «Менің сүйікті балабақшам».

  Асылбек:        

  Сәлем саған балабақшам, алғыстарым көп менің.

  Оқу, білім, тәрбие, ой санама еккенің.

 Жансая:            

  Балабақшам – айтар әнім, сан рет қайталадым.

  Өзіңнен алғанымды, өзіне қайтарамын.


                         Залға әдемі әуенмен Суретші келеді:
Түрлі - түсті қарындаш, тату - тәтті қарындас
Ақ қағаздың бетіне, түрлі өрнек салыпты
Көбелекті, гүлдерді, әсем қала, үйлерді
Түрлі түске бояпты.

Суретші: Сәлеметсіздер ме, балалар! Тойларың тойға ұлассын!
Балалар: Сәлематсыз ба! Рақмет.
Суретші:Жыл төрт мезгілге бөлінеді. Кім атап береді?Мен сендерге осы төрт жыл мезгілдерінде кездесетін ауа - райы құбылыстарын айтамын.Дұрыс болса - қол шапалақтаймыз.Бұрыс болса (қате)- аяқпен еден соғамыз
 Жазда жиі жаңбыр жауады.
 Қыста алма піседі.
 Көктемде жеміс - жидек жинаймыз.
 Қыста боран соғады.
 Күзде суық жел соғады.
 Жазда қарлы, аязды күндер жиі болады.
 Қыстыгүні гүл жинаймыз.
 Көктемде ағаштар бүршік атады

Суретші: - балалар, сендер түстер туралы не білесіңдер?
Балалар:Түстер суық, жылы,әр түрлі болады

Суретші:Қандай түстерді білесіндер?

Балалар: Қызыл, сары, көк, ақ, күлгін, жасыл.
Суретші: - Керемет, ал сендер ойын ойнағыларың келе ме?
Балалар: - Иә.
                                     Ойын: «Өз түсінді тап»
Шарты: Еденге төрт түсті гүлдер қойылады, сол түстер қарындаштар беріледі. Әуенмен билеп жүріп, әуен тоқтағанда өз түсіне сәйкес гүлдің тұсына тұрып үлгеру керек.
Суретші: - Балалар, сендер түстерді жақсы айыра алады екенсіңдер. Мен сендерге ризамын. Мен енді кетейін. Сіздерге сәт сапар!
Балалар: - Сау болыңыз!

Жүргізуші: 

Қандай ғажап күн бүгін
Күміс күлкі жан - жағың
Көрдің бе дос, құрбыңның
Қолға портфель алғанын.

                                            Карлсон кіреді.

Карлсон: Сәлеметсыңдер ме балалар! Мен Карлсон!

Карлсон:Бұл жерде не болып жатыр? 

Жүргізуші: Біз Білім күні тойлап жатырмыз.

Карлсон:Ал сендер білесіндерме мен ойнауды өте жақсы көрем.

Жүргізуші:Біздің балаларда ойнауды жақсы көреді.

Карлсон:Ойын көңілді көтереді, бір-бірімізді татуластырады,достыққа бөлиды.   Бірінші  эстафета «Үлкен доптармен»

Жүргізуші:  Демалайық Карлсон, балалар өлең айтады

                                   ӨленБіз көңілді балалар.»

Карлсон:  Жақсы Балалар! Тағы да  жарысайық.

Ойын. «Кім тез тунельге  кіреді»

Карлсон: Жақсы балалар! Керемет! 

                                  Залға Жалқаубек келеді:

Жалқаубек: Балалар, сендер мені көрген жоқсыңдар. Мен апамнан тығылып жүрмін. Апам келсе, мені жоқ деп айтыңдар.
             Жалқаубек балалардың артына тығылып қалады.
                               Жалқаубектің апасы келеді.

Апасы: Амансыңдар ма, балалар! Менің баламды көрген жоқсыңдар ма?
                                 Іздеп жүріп тауып алады.
 Апасы:Балам, тығылып неғып отырсың? Тұр кәне.
Жалқаубек: Ту - у. Қойшы апа.
Апасы: Балам мынауың не? Мынау менің орамалым ғой, ал мынау әкеңнің галустугі ғой. Мынау не, беліңдегі? Балам, жүр мектепке апарайын.
Жалқаубек: Жоқ, бармаймын мектепке.
Апасы: Балалар, көмектесе көріңдер. Менің балам мектепке барғысы келмейді.
Жүргізуші: Жалқаубек, сен санау білесің бе?
Жалқаубек: - Иә, білем.
Жүргізуші: Тәрбиеші: Ал, ендеше тақтаға қарайық.

                                       Тақтамен жұмыс.
Жалқаубек:
- Ой, керемет, өздері менен кіші болса да құлшынып тұр ғой тегі. Әттең босқа уақытымды өткізіп алғаным ай - а?! Эх, ерінбей, жалқауланбай балабақшаға келсем ғой, мен де көп нәрсені үйреніп білмек екенмін.
Жүргізуші: Олай деп өкін бе, Жалқаубек, әлі де кеш емес, тек жалқаулықты тастасаң болды.
Балалар:

Білім жалғыз мектепте емес
Білім үйде, көшеде,
Білім сені аялаған
Әлпештеген шешеде - емес пе?

Жалқаубек: - Распа, онда келістік, балалардың алдында сөзімді бересің, бүгіннен бастап, жалқаулықты тастаймын, мектепке барамын.
Жүргізуші: Талабыңа нұр жаусын.
                                  Ортаға қоңырау соғылады.
Жүргізуші:

Жаңа оқу жылы, кел, төрлет
Дүбірлі думан басталсын
Жүректерді ән тербеп
Шапалақ ұрсын асқар шың.                                                                                  

Жүргізуші:Мінекей- 2015 - 2016 оқу жылының да алғашқы қоңырау үнін естідік. Жаңа оқу жылы құтты болсын!

                                  Би. «Көңілді  жалаушылар»



                                                                                     Тусткубаева Гуляим Айдархановна

                                                                                                         Ересек топтын тәрбиешісі

Бөлісу: