Білім беру жүйесін еңбек нарығының сұранысына бейімдеу қажет - Президент

12 Қазан 2023, 11:08 1003

Президент Goldman Sachs келешекте жүздеген мамандық пен үш миллионға жуық жұмыс орны жойылуы ықтимал деген болжамын негізге алып, жаһандағы еңбек нарығының түбегейлі өзгерісіне дайындалуымыз қажет екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Автоматтандыру мен жасанды интеллектінің одан әрі дамуы жаһандағы еңбек нарығын түбегейлі өзгертетіні қазірдің өзінде белгілі. Goldman Sachs келешекте жүздеген мамандық пен үш миллионға жуық жұмыс орны жойылуы ықтимал деп болжам жасап отыр. Алайда әрбір технологиялық революция кезінде адамзат баласы осыған ұқсас дүрбелеңдерді бастан кешкені тарихтан мәлім. Біздің міндетіміз – жаңа жағдайға алдын ала дайындалу, - деді Мемлекет басшысы.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: