Білім беру саласын цифрландыруда біраз мәселе бар – Мәдина Тынымбаева

19 Мамыр 2023, 10:53 1868

Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының президенті Мәдина Тынымбаеваның айтуынша, білім беру саласын цифрландыруда проблемалар бар. Басты проблемалардың бірі – оқыту жүргізілетін цифрлық ортаны құру. Технология – білім берудегі жетістік деп айтатын болсақ, біздің міндетіміз –қолжетімді цифрлық ортаны қамтамасыз ету.

Сондай-ақ ол білім беру саласындағы сұраныс пен форматтың өзгергенін айтты.

Бүгінгі таңда қазақстандық мектептер айтарлықтай өзгеріп жатыр. Оның ішінде ауыл мектептері мен шағын жинақталған мектептер заманауи талаптарға сәйкес жаңартылуда. Ал білім беру сапасын арттыру әлі де өзекті және кешенді жұмыс жүргізуді талап етеді, - деді Мәдина Тынымбаева.

Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы білім берудің түрлі салаларында ғылыми-әдістемелік қолдау мен сүйемелдеуді қамтамасыз ету үшін жүйелі негізде зерттеу жүргізіп келе жатқанын сөз етті. Бірнеше проблемаларды атады.

Басты проблемалардың бірі – оқыту жүргізілетін цифрлық ортаны құру. Технология – білім берудегі жетістік деп айтатын болсақ, біздің міндетіміз –қолжетімді цифрлық ортаны қамтамасыз ету, - деді ол.

Мәдина Тынымбаева Канада, Польша, Австралия, Швеция, Эстония және Финляндия мемлекеттерінің тәжірибиесін қолдану қажет екенін айтады. Осы елдердің тәжірибесінің жиынтығы арқылы қашықтан оқыту технологиялары мен жүйелік оқытуды қолданып, мұғалімнің де, оқушылардың да бірлескен қызметін үйлестіруге болады.

Сондай-ақ қашықтан оқыту, онлайн оқыту дайындық әдісі емес екенін тілге тиек етті. Оның сөзінше, бұл – білім алатын цифрлық орта.

2023 жылдың қаңтар айынан бастап Алтынсарин академиясы мен СҚО Білім басқармасы СҚО-да шағын жинақты мектеп педагогтарын қолдау бойынша жобаны бастаған.

Ынтымақтастықтың негізгі идеясы – шағын жинақты мектептердің білім беру процесін бірыңғай басқару. Бұл әкімшілік міндеттерді едәуір жеделдетеді, - деді ол.

Тынымбаеваның сөзінше, осы платформада математика, информатика, физика, химия, биология, география, тарих, ағылшын тілі бойынша 25 мектептің 10 педагогы оқытудан өткен.

Сонымен бірге ол 2023 жылдың сәуір айында оқытудан өткен педагогтер осы платформада жұмыс істеп жатқанын айтты. Жұмыс нәтижелеріне сәйкес, платформаның мынадай артықшылықтары бар екені анықталды:

- оқу процесі мен уақытынан алшақтамай-ақ балалармен серіктестік қарым-қатынасты дамыту;

- практиканы жетілдіру үшін сабақтарда талдау ұйымдастыру;

- оқытудың жаңа әдістері мен технологияларын бейімдеу және жүйелеу;

- білім алушылармен жеке және ерекше қажеттіліктерді пысықтау.

Платформаның тағы бір ерекшелігі – қауымдастық орталығын құруға болады. Яғни түске дейін платформаны білім беру процесі үшін, ал түстен кейін немесе кешкі уақытта мектептен тыс қызмет үшін пайдаланады. Сондай-ақ білім алушының мүмкіндіктерін кеңейту, әлеуметтенуі мен коммуникациясы үшін оқыту сессияларын ұйымдастыруға болады, - деді ол.

Оның айтуынша, Microsoft компаниясы ақысыз негізде платформа құрып, мұғалімдер мен IT-мамандарды оқытқан.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: