Білім беру мекемелеріндегі 2 мыңнан астам жұмысшының еңбек құқығы қорғалды

31 Қаңтар, 08:45 650

Маңғыстау облысында білім беру мекемелеріндегі 2 мыңнан астам адамның еңбек құқықтары бұзылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мұнайлы ауданының прокуратурасы білім беру мекемелерінің 2 мыңнан астам жұмысшылардың, оның ішінде 6 мүмкіндігі шектеулі адамның конституциялық (еңбек) құқықтарын қорғады.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, талдау барысында аталған тұлғалардың еңбек шарттарында еңбек заңнамасының талаптарына қайшы жұмыс уақыты мен демалыстың ұзақтығы көрсетілмегені анықталды. Мысалы, Еңбек кодексінің 69-бабына сәйкес мүгедектігі бар жұмыскерлерге аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді. Бұл талаптарды бұза отырып 6 мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға 8 сағаттық жұмыс кестесі бекітілген.

Осы факті бойынша Маңғыстау облысының еңбек инспекциясына прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.

Қазіргі уақытта барлық заң бұзушылықтар жойылды. Ал аудандық білім бөлімінің басшысы әкімшілік жауапқа тартылды.

Оқи отырыңыз: 

Баян Әжмұхан
Бөлісу: