Білім беру гранттарына өтініш 13 шілдеден бастап қабылданады

6 Маусым, 17:53 847

Негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі бойынша талапкерлерден білім беру гранттарына құжат қабылдау 13 шілдеде басталады, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, талапкерлер өтінішін EGov арқылы онлайн форматта немесе ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта тапсыра алады. Құжаттарды қабылдау кез келген ЖОО (орналасқан жері бойынша) арқылы жүзеге асыруға болады.  

Шалғай өңірлерден келген талапкерлерге ыңғайлы болу үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында Виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істейді. Олар бейнебайланыс арқылы кеңес береді және конкурсқа құжаттарды тапсыруға көмектеседі. Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін ең төменгі ұпайлар Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жазылған, – делінген хабарламада. 

Еске салайық, биыл жоғары оқу орындарында оқу үшін 112 мың грант бөлінген. Оның 79 мыңға жуығы бакалавриат бөлімінде білім алуға арналған.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: