ӘБІЛІАЙЫР ХАН

28 Тамыз 2014, 11:41

ӘБІЛІАЙЫР, (Әбілқайыр Мұқамбет Ғази баһадур хан) (1693 — 12.08.1748) — хан, қолбасшы. Шыңғыс хан әулетінің кіші буыны — өсектің ұрпағы, Іажы сұлтанның баласы.

ӘБІЛІАЙЫР, (Әбілқайыр Мұқамбет Ғази баһадур хан) (1693 — 12.08.1748) — хан, қолбасшы. Шыңғыс хан әулетінің кіші буыны — өсектің ұрпағы, Іажы сұлтанның баласы. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, шабуылдарды ұйымдастыра білуімен аты шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен Кіші жүздің ханы болды (1710—12.08.1748). 1715 ж. Тәуке хан өлгеннен кейін үш жүздің бас хандығына таласты. Бірақ мұрагерлік жолмен Тәукенің ұлы Болат бас хан сайланды. Ә. қазақ-қалмақ қарым-қатынасы мейлінше шиеленісіп тұрған 1716—18 ж. Ресей империясынан көмек алу мақсатымен Сібір губернаторы князь М.П. Гагаринге, Уфа воеводасына хат жазып, қазақтардың ахуалын біршама реттеуге атсалысты. 1723 жылға дейін Түркістанда тұрып, одан жоңғар басқыншылары қуып шыққаннан кейін Бұхар мен Хиуа хандықтарының шекарасындағы өзіне қарайтын көшпелі тайпаларға қоныс аударды. Ә. 1726 ж. Ордабасыдағы халық жиналысында қазақ жасақтарының қолбасшысы болып сайланды. Бұланты өз-нің жағасындағы (1728), Аңырақайдағы (1729(30)) ойраттарды талқандаған соғыстарда қолбасшылық қабілеті ерекше көрінді. Аңырақай шайқасында бас қолбасшылықты өз еркімен Болат ханға бергенімен үш жүздің қолын үйлестіруде көп жұмыс атқарды. Ә. қазақ хандары мен сұлтандарының алауыздығы артып, сыртқы қауіп күшейген шақта Ресей империясына арқа сүйеуді ойлады. Ә-дың Іұндағұлов Сейітқұл мен Көштаев Іұтлымбет бастаған елшілігі Петербургке барып (1730), Ресей сыртқы істер мин-лігі коллегиясының М. Тевкелев бастаған елшілігі оған келді (1731). (қ. Іұндағұлұлы елшілігі, Іұтлымбет елшілігі). Елшілік қазақ ұлысын Ресейдің қарамағына алу туралы келіссөз жүргізді. Ә. 1731 ж. қазанда Ресей империясының қарамағына кіргендігі жөнінде ант берді (Бұл антты 1738, 1740, 1742 ж. қайталады). Ант беру арқылы ол Ресеймен тату тұруды, оның қарамағына өткен башқұрт пен Еділ қалмақтарының қазақ қоныстарына шапқыншылығын тоқтатуды, Ресейдің көмегімен жоңғар қалмақтарының қол астында қалған қазақ жері мен қалаларын қайтарып алуды, империя әкімшілігіне сүйеніп, қазақ арасындағы беделін арттырып, үш жүздің басын біріктіріп өзі билеуді, хандықты балаларына сайлау тәртібімен емес, мұрагерлік жолымен қалдыруды көздеді. Сөйтіп ол жеке мүддесімен бірге халықты апаттан сақтауды да ойлады. Алайда Ресей саясаты да тереңде жатты. Империя қазақ жерін бүтіндей отарлауды ойлады. Ә. Петербург сарайы мен оның Орынбор әкімшілігінің саясатын дер кезінде түсінді. Ханның өз ұлы Іожахметті аманаттан қайтарып алудағы Ресей әкімдерімен тартысы, императрицалар Анна Иоановнаның, кейіннен Елизавета Петровнаның талаптарына мойынсұнбауы, Кіші жүзде дербес саясат жүргізуге тырысуы, ел тәуелсіздігін сақтау бағытындағы шаралары отаршылдықтың барлық көріністеріне қарсылығын байқатады. Орыс үкіметімен әртүрлі қатынастарды үзбей, Ә., сонымен қатар, жоңғар қоңтайшысы Іалдан Серенмен (Цэренмен) астыртын байланыста болды. Жоңғар шапқыншылығы әлсіреген сайын Ресейден бойын аулақ салуға тырысты. 1740 ж. Хиуаны басып алып, аз уақыт осында хан атанды. Бірақ Иранның Нәдір шаһынан ығысып, тастап шығуға мәжбүр болды. Ә. үш жүздің билеуші, қадірлі билерімен, белгілі батырларымен, саяси қайраткерлерімен тығыз қарым-қатынас жасады. өзінен жас, беделі өсіп келе жатқан Абылаймен әр кезде түсінісе білді. Абылайдың бір әйелі Іарашаш — Ә-дың қызы. Кіші жүз ханы ретінде оның саясатында қайшылықтар да бар. Қазақдаласын отарлаудың плацдармы болған Ор бекінісін салуды өзі ұсынды (1735). 1737—38 жылғы башқұрт халқының отаршылдық езгіге қарсы көтерілісін басуға қатысуы туысқан екі елдің қарым-қатынасын шиеленістірді. Ә-дың дербестігі мен “орысшылдығы”, қазақ даласына жайылып кеткен атағы кейбір сұлтандарға ұнамады. Солардың бірі — Орта жүздің сұлтаны Барақ Ор бекінісінен қайтып келе жатқан Ә-мен кен далада кездесіп қалып, оны өлтіреді. Ханның серіктері де сол жерде қаза тапқан. Ә-дың моласы Іабырға өз-нің Ұлқұяққа құятын тұсында, Торғай қ-нан 80 шақырым жерде. Кейін бұл ара Хан моласы аталды. Ә-дан көптеген ұрпақ қалған (қ. Әбілқайыр әулеті).

Әдеб.: Витевский В.Н., И.И. Неплюев и Оренбургский край в прежнем его составе до 1758 г., т. 3, Казань, 1896; Рычков П.И., История Оренбургская (1730 — 1750), Оренбург, 1896; Ерофеева И.В., Казахские ханы и ханские династии в ХVІІІ — середине ХІХ в., в кн.: Культура и история Центральной Азии и Казахстана: проблемы и перспективы исследования, А., 1997; Джон Кәстль, 1736 жылы Кіші жүз ханы Әбілқайырға барып қайтқан сапар туралы, Неміс тілінен аударған Ә. Төреханов; алғы сөзі мен ғылыми түсініктемелерін жазған К. Есмағамбетов, А., 1996.

Ж. Іасымбаев

"Қазақстан энциклопедиясы"

Бөлісу: