Билет арзандайды. Қазақстан биыл 11 жаңа ұшақ сатып алады

5 Сәуір 2023, 16:52 880

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов мәлім етті, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

Әуе рейстері санын көбейту үшін компаниялармен бірлесіп ұшақтар паркін толықтыру жоспары қабылданды. Былтыр 14 сатып алынса, биыл 11 ұшақ жеткізіледі. Жалпы, 2025 жылдың соңына дейін парке тағы да 42 ұшақ қосылады. Осы орайда ұшақтардың саны 132-ге жетеді, - деді Алмас Ыдырысов.

Вице-министрдің айтуынша, әуе көлігінің саны көбейген жағдайда тұрақты рейстер артып, билет арзандайтын болады.

EL.KZ
Бөлісу: