Бидайды авто және темір жол көліктерімен әкелуге тыйым салынады

19 Тамыз 2023, 08:33 812

Ауыл шаруашылығы министрлігі тиісті бұйрықтың жобасын әзірледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан жарты жылға бидайды үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен темір жол көлігімен әкелуге тыйым салуды, сондай-ақ бидайды автокөлікпен әкелуге салынған тыйымды тағы 6 айға ұзартуды жоспарлап отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі тиісті бұйрықтың жобасын әзірледі. 

Құжатқа сәйкес, бидайды теміржол көлігімен тек лицензияланған элеваторларға, астық өңдеушілерге және құс шаруашылығы кәсіпорындарына ғана әкелу мүмкін болады.

Жоба ҚР АШМ интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылған.

Берік Арманов
Бөлісу: