Бибісара Асаубаева Үндістандағы гран-приде алға ұзап шықты

4 Сәуір 2023, 11:04 745

Үндістанның Нью-Дели қаласында әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-приінің 9-шы раундының барлық ойындары аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жарыстың көшбасшысы - қазақстандық Бибісара Асаубаева грузиялық Нана Дзагнидземен тең түсті.
Сондай-ақ, үндістандық Рамешбабу Вайшали мен Хампи Конеру арасында өткен ойында кім мықты екені анықталмады.
Ресейлік Александра Горячкина ақ фигуралармен үндістандық Харика Дронаваллиді жеңді.
Тағы бір ресейлік шахматшы Полина Шувалова грузиялық Нино Бациашвилиден жеңіліп қалды.
9-турдан кейін қатысушылардың позициясы:
1. Асаубаева Бибісара – 8 ұпайдан 5,5 ұпай.
2. Александра Горячкина – 7-ден 5.
3. Чжу Цзиньэр – 7-ден 4,5.
4. Екатерина Лагно – 7-ден 4.
5–6. Полина Шувалова, Хампи Конеру – 7-ден 3,5.
7. Харика Дронавалли – 7-ден 3.
8. Нино Бациашвили – 7-ден 2,5.
9. Нана Дзагнидзе – 8-ден 2,5.
10. Рамешбабу Вайшали - 7-ден 2.
Бибісара турнирде бір-ақ рет Александра Горячкинадан жеңілген еді, турнирлік кестеде осы спортшыдан жарты ұпай алда келеді.
Бұл ретте қазақстандық шахматшының алда бір матчы бар, ресейлік шахматшы әлі екі матч өткізеді.

EL.KZ
Бөлісу: