19 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаеваның әлемдік рейтингтегі орны жақсарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы шахматшының өзі әлеуметтік желіде жазды.
Соңғы турнирлердің нәтижесін есептеген соң, блиц бойынша әлемдегі ең үздік шахматшылар арасында үздік бестікке ендім, – деп жазды Асаубаева.
Рейтинг ФИДЕ сайтында да жарияланған.
Бибисара – блиц бойынша әлемнің екі дүркін чемпионы.
Нью-Делиде (Үндістан) өткен Гран-приде үздік үштікке енсе, Қазақстан мен әлем құрамасы арасындағы кездесуде әлемнің төрт дүркін чемпионы және әйелдер арасында ФИДЕ рейтингінің көшбасшысы қытайлық Хоу Ифаньді екі рет сенсациялық түрде жеңді.
Ал 20 сәуірде Бибісара Асаубаеваға шахматтан «ҚР еңбек сіңірген спорт шебері» атағы табысталды. Ол - елімізде мұндай атаққа қол жеткізген тұңғыш шахматшы.