Бейжіңдегі Олимпиадада ең төмен нәтиже көрсеткен спорт түрі қандай?

23 Ақпан 2022, 15:34 2169

Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының қорытындысы туралы ҚР ҰОК спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов мәлімдеді.

Сөз басында Е. Қанағатов егемендік алғаннан бері қысқы спорт түрлерінен өтетін олимпиадада тек 8 медальға ие болғанымызды атап кетті.

Осы олипиадада алдыңғы қатардан көрінетіндей мүмкіндік болды. Әсіресе, фристайл могул мен шорт-трек секілді спорт түрлерінен. Алайда жүлделі орын бұйырмады. Әрине, біз жанкүйерлердің қалауын қанағаттандырмадық. Бірақ кейбір спорт түрлерінен жақсы нәтиже көрсеттік деп айта аламыз. Сараптап көрер болсақ, шор-тректен бұрынғы олимпиадаларда 5-6 орындардан көрінсек, қазіргі таңда 4-5 орындардамыз. Бір саты болсын алға ілгерлеу бар, -деді ҚР ҰОК спорт дирекциясының директоры.

Ол Бейжіңде өткен ақ олипиададан сабақ алып алға жылжумыз керек екенін айтты. Олимпиада қортындысы бойынша ең төмен нәтиже көрсеткен спорт түрі - шаңғы спорты. Қазіргі таңда бұқаралық дамуы нашар. Шаңғы спортының солтүстік өңірімізде дамуы төмен деңгейде, -деді Қанағатов.

Еске сала кетейік, ұлттық құрама Бейжің олимпиадасына 34 споршы 87 лицезиямен барған болатын. 

baq.kz


Бөлісу: