Ағымдағы жылдың 1 шілдесінде Бейнеу аудандық перзентхана бөлімінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Ұлттық Домбыра күніне орай «Бабалардың көзіндей қасиетті Домбыра» атты акциясы өткізілді. Осы шара барысында дүниеге алғаш келген сәбиді мерекемен құттықтап, арнайы қазақтың киелі аспабы - Домбыра табысталды және тілек алғыс хат берілді. Бұл құрметке Бейнеу ауданының алғашқы тұрғыны, Мұңалбаева Айгүл Молақбайқызының сәбиі Нұрсұлтан Әбілхайыр Нұрғалиұлы ие болды.
Бұл акция Қазақстанның жаңа азаматтарына және олардың ата-аналарына балалардың рухани дамуы үшін маңызды өмірлік бағдар болады. Өйткені, ежелден бері қазақ халқының ұл-қызы домбыраны білмесе, ол өз халқының рухын түсінбейді деген аталық сөзі бар. Домбыра - әкелеріміздің асыл мұрасы екендігін ешқашан ұмытпауымыз қажет!