Бейбiт Оралұлы, "Бозжорға әні – алғашқы қолтаңбам!"

8 Тамыз 2014, 04:04

Бейбiт Оралұлы, сазгер.

Бейбiт Оралұлы, сазгер.

Сiздiң «Бозжорға» атты əнiңiз халық арасында кеңiнен танымал. Сол əннiң туу тарихы туралы айтып берсеңiз?

– Жалпы, мен ақын болмағандықтан қашанда өмiрге бiрiншi əн келедi. Ал əр əннiң дүниеге оңай келе салмасы тағы анық. Əрбiр ана өмiрге ұрпақ əкелерде нəтижесiн тоғыз ай, тоғыз күн көтерiп, босанар алдында қатты толғатады. Өмiрге адам əкелу оңай емес. Сол сияқты, сазгер де əн жазар кезде қатты толқиды. Оның санасында, жүрегiнде ерекше толғаныс пайда болады. Өзiн қоярға жер таппай, дегбiрсiз күй кешедi. Өзiнен-өзi ыңылдайды, сөз iздейдi. Қысқасы, iштегi шұбар жылан сыртқа шықпай, ты-ным таппайды. Сол сықылды, «Бозжорға» əнi дүниеге келерде де мен сондай күй кештiм. Оның «толғағы» да ұзаққа созылды. Ай бойы əуен iздеп, ыңылдаумен болдым. Күндiз күлмедiм, түнде ұйқы көрмедiм. Тiлiмнiң ұшына «Жорға, жорға, жорғалашы жорға, жорғалар» деген тiркес келдi. Мен мұны əннiң қайырмасы болар деп ұйғардым. Содан кейiн əннiң сұлбасы көрiне бастады. Дереу оларды аспапқа салып, нотаға түсiрiп, тiптi аранжировка-сын да жасап қойдым. Кейде жаңа əнiме белгiлi халық əндерiнiң сөздерiн де пайдаланып көрдiм. Сөйтiп жүрiп бұл əнiмдi белгiлi ақын Шөмiшбай Сариевке тыңдатып көрдiм. Əн оған қатты ұнады. Өйткенi бұл əнде өзге əндерiме қарағанда ерекше əуен, əуез бар едi. Құлаққа бiр дүбiр келетiн. Сосын Шөмiшбай ағама осы əнге сөз жазып беруiн сұрадым. Ол кiсi бiрден келiстi.

Неге Шөмiшбай Сариевтi таңдадыңыз? Əнге мəтiн жазатын басқа да ақындар бар емес пе? Əлде, ретi солай болды ма?

– Менi Шөмiшбай Сариевпен Роза Рымбаева мен Тасқын Оқапов таныстырған болатын. Сол кезден бастап Шөмiшбай ағамызбен тығыз шығармашылық байланыстамыз. Ол кiсi менiң бiрнеше əндерiме мəтiн жазды. Ал дəл осы əннiң мəтiнiне кел-сек, ретi солай болды. Əйтпесе мен көптеген ақындармен бiрге жұмыс iстедiм. Олардың iшiнде ағаларым да, апаларым да, iнi-қарындастарым да бар.

Шөмiшбай ағамыз əн мəтiнiн тез арада жазып бердi ме?

– Ол кiсi де менен аз толғанып, кем қиналған жоқ. Айға жуық уақыт бойы екеумiз телефонда сағаттап кеңескен, талқылаған кездерiмiз болды. Құдай сəтiн салып, əн туған соң оны өзiм орындап, таспаға түсiрiп қойдым.

Онда халық неге ол əндi ең алғаш «На-На» тобының орындауында естiдi?

– Оның да өзiндiк сыры бар. Бiр күнi Шөмiшбай ағамыз теле-фон соғып: «Алматы қаласына «На-На» деген топ келiптi. Олар Астана қаласының тұсаукесерiнде орындайтын қазақша əн iздеп жүр екен. Əнеукүнгi əнiңдi соларға берсек қайтедi?» дедi. Мен дереу соларға жеттiм. Əйгiлi топтың жетекшiсi Бари Алибасов бiр тыңдағаннан ұнатты. Осы əндi Астананың ашылу рəсiмiнде орындайтын дықтарын айтты. Бiз де қуанып кеттiк. Олар да ри-за. Өйткенi олардың қазақша əн iздеп жүргенiне бiраз уақыт болыпты. Содан олар əндi алып, өздерiнше əрлеп, əбден дай-ындалды. Қанша дегенмен, өзге ұлттың өкiлдерi емес пе?! Кей сөздердi дұрыс айтпайтын көрiнедi. Олар Қазақстан елшiлiгiндегi жiгiттердi шақырып, əндi тыңдатқан ғой. Сөйтсе, бiр жерiнде «арматура» деп айтқан сыңайлы болады. Бiздiң жiгiттер «арма-турасы несi?» деп маған хабарласты. Кейiн байқасақ, «арман тұнған» деген сөздi олар «арматура» деп жүр екен. Кейiн бəрiн түзедi ғой. Содан кейiн əндi Астананың тұсаукесерiнде ең алғаш рет орындады. Халық өте жылы қабылдады. Мұнан кейiн де олар бұл əндi Түркия, Греция, Франция, АҚШ, Ресей елдерiнде шырқады. Келер жылы мен 50-ге толамын. Осыған орай Алматы мен Астана қалаларында жеке концертiмдi беруге дайындалып жатырмын. Соған «На-На» тобын да шақырсам деген ойым бар. Сөйтiп бұл əн менiң шығармашылық қолтаңбама айналды...

Əңгiмеңiзге рақмет

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, «Ағынан жарылсақ», 2004 жыл.

Бөлісу: