Шымкентте қаладағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші балаларға физикалық зорлық-зомбылық көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты тергеу бастағанын мәлімдеді.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеода балабақша қызметкерінің балалар төсегіне жақындап, баланы еденге итеріп жібереді де, еденде отырған қыздың қолынан ұстап көтеріп алмақшы болады, алайда көтере алмаған соң аяғынан ұстап, сүйрейді. Әйел жанында тұрған тағы бір баланың бетінен ұрып, төсекке қарай итереді. Желі қолданушылары тәрбиешіні жұмыстан шығарып қанаи қоймай, темір торғап тоғыту керектігін жазады.
Қазір жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады ведомстводан.
Шымкент білім басқармасы әйелдің жұмыстан босатылғанын хабарлады.
Қазір бұл дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бақылауында.