Астанада бір топ бала бір баланы бесінші қабаттың балконынан лақтырмақ болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Балалардың ерсі әрекеті түсірілген видео Telegram-дағы EGOV.PRESS арнасында жарияланды. Видеоны балалардың бірі түсіріп алған, ол бір баланы бесінші қабаттан лақтырғалы жатқанын хабарлайды. Баланың ата-анасы полиция қызметкерлерінен кінәлілерді жазалауды талап еткен.
Оқиғаға қатысты Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеме жасады. полиция мәлімдеме жасады.
Бұл факт тіркелді, оқиғаның барлық қатысушысы анықталды, мән-жайлар заңды өкілдердің қатысуымен анықталып жатыр. - делінген хабарламада.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.