"Бесікке жатқызбаймыз". Алтынай Жорабаева күйеуінің бесінші баланы күтіп жүргенін айтты

28 Қараша 2023, 18:20 31247

Көпшіліктің сүйікті әншісі Алтынай Жорабаева жақында бесінші баласын дүниеге әкеледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Екінші рет тұрмысқа шыққан әнші бұл баланың жынысы маңызды емес, ең бастысы дені сау болғанын қалайтынын айтқан. Сондай-ақ тыңдармандарының бесік туралы қойған сауалына жауап берді.

Бесікке жатпайды-ау. Әлішер осы бастан "Ешкімге бермеймін, өзім қараймын деп жүр. Тіпті, қасыма алып жатамын дейді. Менің бесінші балам. Оның тұңғышы ғой, қатты дайындалып жатыр. Сондықтан оған бәрі қызық боп тұр, - деді Алтынай Жорабаева. 

Айта кетейік, бұған дейін Алтынай Жорабаеваның екінші күйеуі туралы жазған едік.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: