«Бешикташқа» ауысқан Бахтиер Зайнутдинов алғашқы әсері жайлы айтты

18 Тамыз 2023, 17:00 1015

Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов Ыстамбұлға келгендегі әсерін бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өте қуаныштымын! «Бешикташ» – тарихы тереңде жатқан, белсенді жанкүйерлері бар үлкен клуб. Инстаграм парақшама «Бешикташ» жанкүйерлерінен көптеген хат келді. Қуаныштымын, - деді Бахтиер.

Бұған дейін қазақстандық футболшыны клуб вице-президенті мен жанкүйерлер әуежайдан күтіп алғанын жазғанбыз.

Айта кетейік, Зайнутдинов 2020 жылдан бері ЦСКА сапында өнер көрсетті. Ол «әскерилер» сапында 83 матчқа қатысып, 7 гол соқса, 8 нәтижелі пас берді.

Түркия БАҚ өкілдерінің мәліметінше, ЦСКА оны 4,5 млн еуроға сатқан.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: