«Бешикташ» тағы екі қазақ футболшысына қызығушылық танытып отыр

10 Шілде 2023, 03:28 726

«Астана» клубының 23 жастағы жартылай қорғаушысы Эльхан Астанов пен 22 жастағы «Ақтөбе» клубының шабуылшысы Арман Кеңесов Түркияның «Бешикташ» клубының назарына түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Habertürk агенттінің жазуынша, Бахтиер Зайнудтиновтен бөлек, Түркия клубы ұлттық құраманың тағы екі фуболшысын байқап көрмек. Астанов наурыз айында «Ордабасыдан» кетіп, «Астана» жейдесін киді.

Оқи отырыңыз:

Елорда командасында 19 матчқа қатысып, 4 гол соғып үлгерді.

Арман Кеңесов Ресейдің «СКА-Хабаровск» командасында ойнаған тәжірибе бар. 2022 жылдың қаңтар айынан бері «Ақтөбе» намысын қорғайды. Биылғы маусымда 15 матчта 5 рет мергендік танытқан.

Перизат Саденова
Бөлісу: