Түркияның «Бешикташ» клубының бас бапкері Шенол Гюнеш Қазақстан құрамасы мен ЦСКА-ның жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдиновтің трансферіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мен Окслейд-Чемберлен мен Зайнутдиновтің трансфері туралы естідім. Бірақ ойыншылардың өздерімен әлі кездескен жоқпыз. Алдағы уақытта олардың дайындығын көреміз, - деді Гюнеш.
Оқи отырыңыз:
Бұған дейін Зайнутдиновтің «Бешикташпен» төрт жылдық келісімшартқа қол қойғаны айтылған. Ойыншы жылына 1,2 млн еуро алады деген мәлімет бар.
Айта кетейік, «Бешикташ» Зайнутдиновтың трансфері үшін ЦСКА-ға 3 млн еуро және тағы осыншама еуро бонус ретінде ұсынған. Мәскеулік клуб бірден қолма-қола 6,5 млн еуро сұрап отыр.