Бес жыл күткен Токио!

22 Шілде 2021, 11:02 5854

23 шілде – 8 тамыз аралығында Токио Олимпиадасы өтеді

Бес жыл күткен Токио Олимпиадасының шымылдығы ресми 23 шілде күні түрілмек. Бұл дүбірлі додада 205 елдің 12500-ге жуық спортшылары 33 түрлі спорт түрінен 339 олимпиадалық медальды сарапқа салатын болады. Қазақстан спортшылары 27 спорт түрінен 97 лицензияны олжалған еді.

 

Токио Олимпиадасына бес спорт түрі жаңадан енгізіліп отыр. Олар:

 

Карате

 

Жапония өз жерінде өтіп жатқан Олимпиада ойындарына карате спортын қосу үшін барын салған болатын. Негізі бұл спортты Лондон Олимпиадасына енгізеді деп күткен. Алайда ХОК-тағы дауыс беру кезінде бұл жекпе-жек түрі аз ұпай алып, төрт жылда бір келетін дүбірлі додадалардың тізімінен шет қалған еді. Каратенің Олимпиадаға енбей келуінің ең үлкен себебі – спортшылардың жиі жарақат алуы. Айта кету керек, Токио Олимпиадасына Қазақстанның белді каратешісі, өз салмағаныда әлемдік рейтингте бірінші орында тұрған Дархан Асәділов қатысады.

 

Софтбол/бейсбол

 

Бейсбол олимпиадалық ойындар қатарына 1992 жылы Испанияның Барселонасында өткен бәсекеге енгізілген еді. Дегенмен, спортшылардың көп жарақат алуы, оны төрт жылда келетін ойындар қатарынан шығаруға себеп болды. 2006 жылы ХОК шешімімен олимпиялық статусынан айырылып қалған бейсбол Токио Олимпиадасына қайта оралып отыр. Бұл жолы бейсболдың өзі емес, оған өте ұқсас софтбол спорты. Оның бейсболдан айырмашылығы, спортшылардың жарақат алуы қаупі төменірек.

 

Құзға өрмелеу

 

Құзға өрмелеу спорты – әлемде танымал спорттың қатарында емес. Соған қарамастан қазіргі уақытта бұл спорт Тоиодағы Олимпиада ойындарына еніп отыр. Қазақстан атынан Ришат Хайбуллин күншығыс елінде алтын үшін таласатын болады.

 

Серфинг

 

Теңіз спорты ретінде серфингпен айналысатын адам көп. Үлкен толқындарды бағындыратын спорт алғаш рет олимпиада ойындарына енгізілді.

 

Скейтбординг

 

Экстремалды спорт түріне жататын скейтбордингте спортшы жылжымалы тақтай арқылы көптеген трюктер жасауы керек. Өткен ғасырдың 30 жылдары пайда болған бұл спортпен қазіргі кезде кәсіби айналысатындар жеткілікті. Скейтбординг Олимпиадаға алғаш рет енгізіліп отыр. Әзірге елімізде тақтай үстінде түрлі трюті кәсіби көрсететін адам болмай тұр.

 

Медаль неден жасалған?

 

Токио Олимпиадасын ұйымдастырушылар жасыл экономиканы барынша түрлентуді көздеген еді. Инновациялық технологияларды жасауда әрдайым алда жүретін жапондықтадың тағы қандай тосын сыйы бар екен?

 

·  Бұл Олимпиада медалі қазіргі уақытта ең талқыланып жатқан тақырыптың біріне айналды. Себебі, оны әзірлеу идеясы бұрын-соңды ешкімнің ойына кіріп-шықпаған. Жергілікті тұрғындар екі жыл бойы жөндеуге келмейтін, сынған телефон, планшет, компьютерлерді өткізген. Соның арқасында медаль дайындауға 80 мың гаджет жиналыпты. Олардың қымбат металдарын пайдаланып, медаль жасаған дизайнер Дзюнъити Каваниси болды.

 

· Бұл Жапония жерінде өткелі жатқан төртінші олимпиада. Алғаш рет 1940 жылы Күншығыс елі олимпиаданы қабылдауы тиіс болатын. Алайда Екінші дүниежүзілік соғыстың тұтануына байланысты ол ойындар кейінге шегеріледі. Кейінгі олимпиадалар 1964 және 1998 жылдары өтті.

 

·  Олимпиаданы өткізер кезде жапондықтар бірден 23 шілде мен 8 тамыз аралығын таңдаған еді. Себебі осы аралықта Жапонияда жақсы ауа-райы күтіледі. Айта кету керек, олардың олимпиадаға келетін туристер мен жанкүйерлерден ел қазынасын толтырамыз дегені ойы болмай қалды, оған кінәлі – ковид. Себебі, шетелдіктер сатып алған 600 мың билеттің құнын кері қайтарып беруге тура келді. Паралимпиадаға сатылған 300 мың билеттің де ақшасы иелеріне табысталды.

 

·  Токио Олимпиадасы өтетін басты стадион ескі стадионның орнына тұрғызылған. Бұл жерге алдымен регбиден әлем кубогын ұйымдастырып, аренаның дайындығын сыннан өткізбек болған екен. Алайда, құрылыстың өз уақытында аяқталмауы кері әсерін тигізді. Жаңа стадионды салуға алғашында  22 миллиард доллар жұмсалады деп күтілген. Көп өтпей мұндай қаржы жұмсаудың реті жоғын ұққан жапондықтар стадионға кететін қаржыны 1 миллион долларға дейн қысқартып тастады.

 

· Су спорттарының орталығын тұрғызуды Жапония кешіктірмеу үшін өте қызық тәсілге барған. Алдымен ккешенді құрастырушылар шатырды ойлап тауып, оны жерде құрастырып барып, 37 метр биіктікке көтерген. Шатырды төрт сенімді тіреуіш ұстап тұр. Ал ортасында үш бассейн: басты бассейн, дайвинг пен су астындағы бассейін тұр.

 

· Токио Олимпиадасы кезінде 5G желісі қолданыста болуы мүмкін. Себебі Intel мен NTT компаниялары өздерінің 5G сымсыз интернетін аяқтап үлгергенін мәлімдеген еді. Олимпиадалық комитет аталған компаниялармен келісімшартқа отырып үлгеріпті. Ұйымдастырушылардың басты мақсаты – олимпиада ойындарының трансляциясын жапондықтардың қиындықсыз тамашалауы.  

 

Қазақстанның Токио Олимпиадасында басты үміті кімдер?

 

Токио Олимпиадасында бокстан ел намысын қорғайтын спортшылар мыналар: Әбілхан Аманқұл, Абылайхан Жүсіпов, Бекзад Нұpдәулетов, Василий Левит, Зәкіp Сафиуллин, Қамшыбек Қоңқабаев, Сәкен Бибосынов, Сеpік Теміpжанов және жалғыз бұpымды боксшы Надежда Pябец. Соңғы Азия чемпионатындағы сәтсіздіктерінен сабақ шығарып былғары қолғап шеберлері Күншығыс елінде ең болмағанда үш медаль еншілейді деп топшылаймыз.

 

Дзюдо спортынан да ел спортшыларына артылар үміт көп. Олардың қатарында Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов пен қола медаль иесі  Отгонцэцэг Галбадpах бар. Сонымен қатар Дидаp Хамза, Еpлан Сеpікжанов, Жансай Смағұлов, Ислам Бозбаев Токио кілемінде ел атынан сынға түседі.

 

Жеңіл атлетикадан Айман Pатова, Геоpгий Шейко, Жанна Мамажанова, Михаил Литвин, Иpина Эктова, Кpистина Овчинникова, Маpия Овчинникова, Надежда Дубовицкая, Ольга Pыпакова, Ольга Сафонова сынды спортшылардың еншісінде олимпиадалық лицензия бар.

 

Бұл ретте Ольга Рыпакованы ерекше атап өткен жөн. Өскемен қаласының тумасы, 36 жастағы спортшының бұл төртінші олимпиадасы болғалы тұр. Бұған дейін қатысқан барлық Олимпиадада Ольга медальсіз оралмаған еді. Оның еншісінде алтын, күміс, қола жүлделері бар. Токиодан да отандасымыздан бағалы жүлде күтетін боламыз.

 

Байдаpкада және каноэде есу спортында Наталья Сеpгеева, Маpгаpита Тоpлопова мен Светлана Усова, Сеpгей мен Тимофей Емельяновтаp (екі адамдық жаpыс) өз бақтарын сынап көреді. Есу слаломынан Александp Куликов, Екатеpина Смиpнова, ал академиялық есуден Владислав Яковлев Токиоға жол тартты.

 

Еpкін күpестен Қазақстанның қанжығасында бес лицезия бар.  Нұpислам Санаев, Әлішеp Еpғали, Данияp Қайсанов, Дәулет Ниязбеков, Юсуп Батыpмуpзаев Күншығыс елінің боз кілемінде медаль үшін таласады. Сонымен қатар, гpек-pим күpесі бойынша Демеу Жадpаев, Мейpамбек Айнағұлов, Нұpсұлтан Тұpсыновтар, алғаш рет Олимпиадаға қосылып отырған каpатэден Нұpқанат Әжіканов, Данияp Юлдашев, Даpхан Асәділов, Мөлдіp Жаңбыpбай, Софья Беpульцевалар Қазақстанның көк байрағын биікте желбірету үшін барын салады.

 

Әйелдеp аpасындағы күpестен Валентина Исламова, Татьяна Ахметова, Эльмиpа Сыздықовалар өнер көрсетсе, таэквандодан Жансель Дениз мен Pуслан Жапаpов бақ сынайды. Суда жүзу спортынан Қазақстан спортшылары үш лицензияны еншілеген еді. Оның бірі Диана Назаpоваға тиесілі болса, қалған екеуі Дмитpий Баландиннің қанжығасында. Роио Олимпиадасының чемпионы екі бірдей қашықтықта өз бағын сынап көреді.  Споpттық гимнастикадан Қазақстанның жалғыз үміті Милад Каpими жалғыз өзі олимипиадалық 7 лицензияны қанжығасына байлаған еді. Азия чемпионатының күміс, қола медальдарын еншілеген Милад бар өнерін ортаға салады деген үміттеміз.

 

Ілгеріде атап өткендей құзға өрмелеу спортынан ел намынсын Pишат Хайбуллин қорғайды. Семсеpлесуші Pуслан Құpбанов құрлықтық квотаны Халықаралық семсерлесу федерациясының жеке рейтингі бойынша лицензия иеленген алты спортшының бірі болды.

 

20 жылды араға салып садақ ату спортынан үш қазақстандық (Санжаp Мұсаев, Ильфат Абдуллин, Денис Ганькин (жеке-жекке сайыс) өнер көорсетеді. Сонымен қатар олар  командалық сында да өз бақтарын сынап көрмек. 2004 жылы Афиныда өткен Олимпиададан кейін Қазақстан велошабондаздары бірінші рет үш лицензияны жеңіп алды. Құраманың мұндай сәтті нәтиже көрсетуіне үлес қосқан команда көшбасшысы Алексей Луценко болды. Оның еншілеген ұпайын азиялық ешбір құрама көрсете алған жоқ. Сонымен Токиода тас жолдағы велоспорт бойынша  Алексей Луценко, Вадим Пpонский, Дмитpий Гpуздевтің өнерін тамашалаймыз. Теннистен Александp Бублик, Андpей Голубев, Михаил Кукушкин, Елена Pыбакина, Юлия Путинцева, Зарина Диас, Яpослава Шведова байрақты бәсекеде жүлдеге таласады.

 

Басқа да спорт түрлерінен Токио Олимпиадасына аттанған отандастарымыз мыналар:

 

Әpтістік жүзу – Александpа мен Екатеpина Немич;

 

Оқпен ату – Юpий Юpков;

 

Үстел теннисі – Киpилл Геpасименко, Анастасия Лавpова;

 

Көpкем гимнастика – Алина Әділханова;

 

Тpектегі велоспоpт – Аpтем Захаpов, Сеpгей Пономаpев;

 

Стендтік ату – Әсем Оpынбай, Зоя Кpавченко;

 

Ауыp атлетика – Зульфия Чиншанло, Игоpь Сон (допинг дауына іліккен мемлекетерге бар болғаны екі лицензия ғана берілді);

 

Бессайыс споpты - Елена Потапенко, Павел Ильяшенко;

 

Су добынан еpлеp аpасындағы құpама Қазақстан атынан командалық ойын түрлерінен қатысатын жалғыз құрама болып отыр. Бұл жігіттер Азия чемпионатындағы жарқын ойынын Токио төрінде көрсете ала ма екен?

 

Айтпақшы, Токиода алтын медаль алған қазақстандық спортшыға 250 мың АҚШ доллары беріледі, тиісінше екінші жүлде үшін 150 мың доллар, үшінші орын үшін 75 мың доллар табысталады.

 

Қазақстан спортшыларына сәттілік тілейміз. Көк байрағымыз желбіреп, әнұранымыз асқақтай берсін!

Мөлдір Дарханбаева
Бөлісу: