Бес жасар қызға жасалған зорлық: оқиғаға қатысты тың дерек айтылды

29 Шілде, 16:00 1873

Қостанай облысы бойынша балалар омбудсмені Несібелі Бәсенова бес жасар қызға жасалған зорлық-зомбылық оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желідегі парақшасында кәмелетке толмағандар тобының бес жасар қызға зорлық-зомбылық көрсету дерегін қатысты, қазір қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, ол жәбірленушінің анасымен кездесіп, істің мән-жайын біліп, әйелге дағдарыс орталығынан тұруды ұсынған. Қыздың анасы бұған келіскен, бірақ содан бері телефонға жауап бермеген.

Бұл атышулы істі Қостанай әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия қарады. Күдіктілердің ата-аналарына қатысты материалдар жиналып, Қостанай облысының кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісінде, - деп толықтырды омбудсмен.

Ол барлық мүдделі мемлекеттік органдар атсалысып, зардап шегушіге көмек көрсетуде деп сендірді. Несібелі Бәсенова бұл істің Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мен прокуратураның бақылауында екенін де жазды.

Еске салайық, бұған дейін бес жасар қызды 2-3 бала зорлады деген күдікке ілінгенін хабарлаған едік.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: