"Бес қызым - бес бармағым". Алтынай Жорабаева бесінші қызына ерекше есім берді

8 Қаңтар, 11:43 56517

Әнші Алтынай Жорабаева бесінші рет қызды болып, ерекше есім берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Амина Алишерқызы. Қош келдің, ботам. Бес қызым - бес бармағым. Барлық мақтаулар мен мадақтар, тек бір Аллаға тән. Қымбатты тілекшілерім. Сіздердің: “ Аман-есен жаның қалсын” деген тілектеріңіздің маған қандай демеу болғанын білсеңіздер ғой. Босанып жатқан әйелдің бір аяғы жерде, бір аяғы көрде дегендей, өмір мен өліммен арпалысып , сәбиді дүниеге әкелу - үлкен жеңіс, - деп жазды әнші.

Сондай-ақ әнші толғақ кезінде дұға тілеген барша тілеулестіріне алғысын білдірді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алтынай Жорабаева (@altynaizhorabayeva)

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: