«Алматы-Астана» автожолында көлік апатынан бес адам көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 26 шілде күні сағат 11:00-де болған.
Оқи отырыңыз:
«Тойота-Каролла» маркалы автокөліктің 29 жастағы жүргізушісі «Алматы-Астана» автожолының 225 километрінде келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп, «Тойота-Камри» маркалы автокөлікпен соқтығысқанын хабарлаймыз. Апат салдарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза тапты,- деді Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен.
Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабы бойынша Жамбыл ауданы ПБ-да тіркелді. Қажетті сараптамалық тексерулерді тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.