Бес адам қаза тапқан ұшақ апатында ұшқыш тірі қалды

Бүгiн, 13:50 227

Таиландтың Пхетчабури провинциясындағы Ча-Ам қаласы маңында жеңіл моторлы ұшақ апат болып, салдарынан бес адам көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алайда Thai PBS арнасының хабарлауынша, апат кезінде бір адам – Чатуронг Ваттанапрайсарн есімді ұшқыш тірі қалған.

Бүгін таңертең Пхетчабури провинциясындағы Ча-Ам жағалауында теңізге құлаған екі моторлы турбовинтті ұшақтың ұшқышы тірі қалды, – деп жазылған арна жариялаған материалда.

Бастапқыда ұшқыш қайтыс болғандар тізімінде еді. Алайда бұл ақпаратты Таиланд құқық қорғау органдарының өкілі, генерал-лейтенант Арчайон Крайтонг жоққа шығарды.

Телеарна мәліметінше, тірі қалған ұшқыш ауыр халде ауруханада дәрігерлердің бақылауында жатыр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: