Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды

11 Маусым 2022, 10:54 3002

Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлайды El.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 11 маусым

№ 914


Туған жері: Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы 

Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін тарих мамандығы бойынша бітірген (1994), тарихшы

1988 жылдан - Қарағанды балалар кітапханасында кітапханашысы. 

1994 жылдан - ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері, 

1995 жылдан - бөлім меңгерушісінің м.а., 

1997 жылдың қаңтарынан - институт директорының орынбасары 

1997 жылдың наурызынан - ҚР Баспасөз және бүқаралық ақпарат істері жөніндегі ұлттық агенттігінің Бұқаралық ақпарат құралдары, сараптамалық-талдау жұмысы және баспасөздегі заңнаманың сақталуын бақылау жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары

1997 жылдың қарашасынан - ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Талдау, жоспарлау және реформаларды насихаттау басқармасының бастығы.

1998 жылдан - ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары.

1999 жылдан - ҚР Қауіпсіздік кеңесі Талдау орталығы мөңгерушісінің орынбасары

2000 жылдан - ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының бірінші орынбасары

2001 жылдан 2002 жылға дейін - Теміртау қаласы әкімінің орынбасары.

2002 жылдан - Ұлттық зерттеулер институтының директоры

2003 жылдан - «Ақ жол» ҚДП Орталық аппараты жетекшісінің орынбасары, бірінші орынбасары.

2004 жылдан - «Саяси білім беру қоры» Қоғамдық қорының президенті

2005 жылдан - «Атамекен» Қазақстанның кәсіпкерлері мен жүмыс берушілерінің жалпыұлттық одағы» ЗТБ атқарушы директорының кеңесшісі

2006 жылдан - «Атамекен» ұлттық даму орталығы» ЖШС директоры

2006 жылы маусым-тамыз - Украинаның Киев облысына қарасты Вышгород қаласының мэрі кеңесшісі.

2007 ж. - Алтынбек Сәрсенбайұлы қорының төрағасы.

2007 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан Халқы ассамблеясы хатшылығының бас инспекторы 

2008 жылдың наурызынан - ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2008-2010 жж. – «Мемлекеттік тілдің дамуы бойынша Президент қоры» қоғамдық қорының директоры

2009-2012 жылдары - Қарағанды облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі.

2010 жыл. – Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы әкімі

2010-2012 жылдары – Қарағанды облысы Жезғазған қаласының әкімі

2012 ж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Бірінші вице-премьердің кеңесшісі.

2012-2013 жж. – Қостанай облысы Арқалық қаласының әкімі.

2013 ж. – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

2016 жылдан –ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, директоры кеңесшісі, бас ғылыми қызметкері

2017 жылдың мамырынан – «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі. ҚР Ұлттық музейі директорының кеңесшісі.

2019 жылдың қаңтарынан - Қазақстан Респбубликасы Мәдениет және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі.

2019 жылдың қаңтарынан - «Архив-2025» ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы

2019 жылдың қазанынан Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы әкімі

2020 жылдан бері ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі 

Бөлісу: