Бердыев ресейлік клубтың бас бапкері болып тағайындалды

25 Желтоқсан 2022, 15:05 1809

Құрбан Бекиұлы алматылық «Қайраттың» бапкері болған

Алматылық «Қайраттың» ардагері Құрбан Бердыев ресми түрде Ресей премьер-лигасының «Сочи» клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

 Құрбан Бердыев Сочидің бас бапкері! Тәжірбиелі маман жаңа жылдан бастап өз қызметін бастайды, - деп хабарлайды Сочи  баспасөз қызметі.

Сочи Құрбан Бердыевтің мансабындағы үшінші РПЛ клубы болмақ. Бұған дейін ол Қазандық «Рубин» және «Ростовты» баптаған, олармен сәйкесінше Ресей чемпионы және вице-чемпионы атағын жеңіп алды.

Бердыевтің бұрынғы жұмыс орны ирандық «Трактор» болса, оған дейін Құрбан Бекиұлы бір жылдан сәл астам алматылық «Қайраттың» бапкері болған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Футбольный клуб «Сочи» (@pfcsochi)

EL.KZ
Бөлісу: