Бердібек Сапарбаев жаңа атаққа ие болды

28 Сәуір 2023, 18:07 1458

Жамбыл облысының бұрынғы әкімі, мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаев жаңа атаққа ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Оған «Ақтөбе облысының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Бүгін Ақтөбеде облыстық мәслихаттың сессиясы өтті. Жиын барысында аймақтың құрметті азаматтарына атақ беру мәселесі де қаралды.

Сессия барысында депутаттар мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаевқа «Ақтөбе облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы шешімді бекітті, - делінген облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Бердібек Сапарбаев 2015 пен 2019 жылдар аралығында Ақтөбе облысының әкімі болды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: