Берденовтің орнына Екатерина Смолякова депутат болды

26 Ақпан, 12:30 585

Respublica партиясы атынан Екатерина Смолякова депутат болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Екатерина Смолякова Мәжілістің жаңа депутаты атанды. Ол – Respublica партиясы фракциясының өкілі. Бүгін ол Мәжіліс депутаты ретінде ант қабылдап, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болып сайланды.

Екатерина Сергеевна Смолякова 1987 жылы 2 тамызда дүниеге келген. Оның "Қазақ тілі менәдебиеті" мамандығы бойынша жоғары білімі, сондай-ақ Қазақстан-Британ техникалық университетіндеалған DBA дәрежесі бар. Смолякованың білім беружәне басқару саласында айтарлықтай жұмыстәжірибесі бар. Ол Қазақстан-Британ техникалықуниверситетінің (ҚБТУ) проректоры болды, сондай-ақмансап және түлектермен жұмыс орталығын басқарды.

2020 жылдан бері ол түрлі қоғамдық қызметке белсендіқатысып, KBTU Empowerment әйелдер клубынбасқарады және Алматы облыстық №1 балалар үйініңҚамқоршылық кеңесінің төрайымы қызметін атқарады. Бұл бастамалар әйелдер мен жастарды қолдауға жәнедамытуға бағытталған.

Айта кетейік, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалған Руслан Берденов Мәжіліс депутаты қызметінен кетті.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: