Бензема жылдың басында тағы да Өзбекстанға барады

29 Желтоқсан 2023, 14:00 1172

Азия футбол конфедерациясының (АФК) Куала-Лумпурдегі (Малайзия) штаб-пәтерінде АФК Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Криштиану Роналду ойнайтын Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы «Батыс» аймағының 1/8 финалында Сауд Арабиясының тағы бір өкілі "Әл-Фейхамен" кездеседі.

Неймар ойнайтын "Әл-Хиляль" Иранның "Сепаханымен" кездеседі. Ал Карим Бензема өнер көрсететін "Әл-Иттихад" Өзбекстанның "Навбахорымен" өзара кім мықтыны анықтайды.

Батыс (алғашқы матчтар 12 мен 13 ақпан күндері; қарымта ойын - 19 және 20 ақпан)

"Насаф" (Өзбекстан) - "Әл-Айн" (БАӘ);

"Әл-Фейха" (Сауд Арабиясы) - "Әл-Наср" (Сауд Арабиясы);

"Сепахан" (Иран) - "Әл-Хиляль" (Сауд Арабиясы);

"Навбахор" (Өзбекстан) - "Әл-Иттихад" (Сауд Арабиясы).

Шығыс (алғашқы матчтар 13 және 14 ақпан; қарымта ойындар - 20 және 21 ақпанда)

"Чонбук Хендэ Моторс" (Оңтүстік Корея) - "Пхохан Стилерз" (Оңтүстік Корея);

"Ульсан Хендэ" (Оңтүстік Корея) - "Ванфоре Кофу" (Жапония);

"Шаньдун Тайшань" (Қытай) - "Кавасаки Фронтале" (Жапония);

"Бангкок Юнайтед" (Таиланд) - "Иокогама Ф. Маринос" (Жапония).

Мадина Асылбекова
Бөлісу: