Бельгиялық Жәнібекті асырап алған анасы көз жұмды

17 Шілде, 13:11 16140

Арқалықтағы балалар үйінен Жәнібек Савельевті асырап алған Бельгия азаматы қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

Бұл туралы «Бармысың бауырым» хабарының жүргізушісі Қымбат Досжан мәлімдеді.

«Достар, Жәнібекті асырап алған Валери анасы бұл өмірмен қош айтысты. Эвтаназия тәсілімен. 20 жылдан бері Жәнібектің анасы болған, өзі ауырса да, мейірімін Жәнібекке бере білген Валеридің мәңгілік өмірі енді басталды. 54 жас. Жәнібек берік бол…», - деп жазды Қымбат Досжан Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Қазақстанға туған анасын іздеп келген Жәнібек қазақстандықтарға үндеу жасап, туған анасын табуға көмектесуді сұраған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Kymbat Doszhan (@kymbatdoszhan)

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: