Белгілі қаламгер Жарасбай Сүлейменовтің 75 жылдығы атап өтілді

15 Шілде, 06:33 520

Петропавлда Қазақстанның құрметті журналисі, СҚО құрметті азаматы Жарасбай Сүлейменовтың 75 жылдық мерейтойы аталып өтілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Салтанатты шара барысында мерейтой иесі Жарасбай Қабдоллаұлына СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып, табыс етті. Сондай-ақ жиында ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың құттықтау хаттары да ұсынылды. 

Мерейтой аясында қазақ театрында Жарасбай Қабдоллаұлының повесі бойынша "Түзу ағаштың көлеңкесі" спектаклінің алғашқы көрсетілімі өтіп, жаңа кітаптар жинағы таныстырылды.

Зарина Арман
Бөлісу: