Белгілі меценат, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Дулат Тастекеев әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына ағалығын көрсетіп, су жаңа автокөлік табыс етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жақында ғана ең алғаш рет қазақтың баласы ретінде әлемдегі екі белдікті мойындатып беліне таққан Жәнібек Әлімханұлы бауырымның жеңіске жетуі бүкіл халықтың рухын көтерді. Сол себепті, біз Жәнібек бауырымызға арнайы сәйгүлік (автокөлік) береміз деп шештік. Соны тапсырудың сәті дәл бүгін келіп тұр екен. Қабыл ал, Жәнібек бауырым!, – деп кәсіпкер су жаңа автокөлік кілтін Жәнібекке табыс етті.
Осы ретте кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы өзіне берілген көлікті менеджеріне сыйға тартты.
Біз «Qazaq staylе-ды» Құдай қаласа, әлемде тарихта қалдырамыз. Сол тарихты менімен бірге қашап жазып жүрген Берік Сұлтан ағам, әрі менеджерім осы кісі болмаса, біздің «Қазақстайлдың» тарихы әлсіз жазылушы еді. Сол себепті, үлкен алғысымды білдіремін. Бәке, темір тұлпар сіздікі, – деді боксшы.
Жәнібек Әлімханұлының менеджері Берік Сұлтан:
Бұл күтпеген сыйлық болды. Қазақ елі, барлықтарыңыз қазақ спортына соның ішінде «Qazaq staylе-ға» жанкүйер екендеріңізді білеміз. Алдымызда Джермалл Чарло, Канелоны құлатуға нәсіп етсін!, – деді Берік Сұлтан.