Белгілі медициналық орталықтың дәрігерлері Ақтөбеде 30 күрделі операция жасады

20 Қаңтар 2023, 03:19 1339

Осылайша, Президент іс басқармасы медициналық орталығының мамандары облыс тұрғындарына көмек көрсетті

ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері аясында Ақтөбе облысының тұрғындарына еліміздің үздік дәрігерлері практикалық және консультациялық-әдістемелік көмек көрсетіліп, сондай-ақ күрделі жоғары технологиялық операциялар жасады, деп хабарлайды El.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үш күн ішінде республикалық деңгейдегі жетекші мамандар өңірдің медицина қызметкерлеріне шеберлік сыныптарын өткізді, 30 күрделі операцияны жасады, Ақтөбе медициналық орталығының базасында 157 науқасты тексерді, - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, Президент Іс басқармасының Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Ақтөбе медициналық орталығының қызметімен танысты.

Ақтөбе медициналық орталығы – ересектерге 25 бейін бойынша көмек көрсететін өңірдегі ең ірі көпбейінді стационар, бұл ретте 12 бейін бойынша қызметтердің облыстың басқа емдеу мекемелерінде баламасы жоқ.  Орталықта балалар кардиохирургиясы, аритмология, тамырлы хирургия, трансплантология бөлімшелері жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған. Ол халыққа жоғары қызмет көрсетуге мүмкіндіктер береді.

Бұдан өзге, мамандандырылған орталықта ересектерге арналған гастроэндоскопиялық және аллергоцентр жұмыс істейді. 2022 жылы Ақтөбе медициналық орталығы 20 мыңға жуық науқас емделді.

Еске сала кетейік, бұған дейін алтын қолды хирургтердің Ақтөбеге барғаны туралы жазған болатынбыз. 

EL.KZ
Бөлісу: