Белгілі күйші Мұқаш Таңғытұлы дүниеден өтті

13 Тамыз 2022, 02:27 2105

Мұқаш Таңғытұлы 1962 жылы 15 желтоқсанда ҚХР-дың Шынжаң өлкесі, Тарбағатай аймағында дүниеге келген.

Іле, Алтай, Тарбағатай күйшілік мектебінің белді өкілі, Шығыстың шертпе-төкпе күйлерін жалғастырушы, күй зерттеушісі Мұқаш Таңғытұлы дүниеден өтті, деп хабарлайды El.kz.

Ол 2022 жылы 12 тамыз күні Алматыда ауыр сырқаттан қайтыс болды.

Мұқаш Таңғытұлы 1962 жылы 15 желтоқсанда ҚХР-дың Шынжаң өлкесі, Тарбағатай аймағында дүниеге келген.

1981 жылы Үрімжі Қаржы институтына оқуға түсіп, 1985 жылы тәмамдаған. Содан 2003 жылға дейін банк саласында қызмет істеген.

2003 жылы атамекенге қоныс аударған.

Тәуелсіз Қазақ еліне келгеннен бері Шығыстың шертпе-төкпе күйлерінің халық қазынасына қосылуына көптеген еңбегін сіңірді. Аталған күйшілік мектеп туралы бірнеше зерттеу кітабының авторы, "Халық күйшісі" төсбелгісінің иегері, Халықаралық күйшілер одағының мүшесі, "Шығыс шертпесі" ансамбльінің негізін қалаушы.


EL.KZ
Бөлісу: