Белгілі дзюдошы Кәмила Берліқаш пен Ақмарал Науатбектің жұбайы ел чемпионатында жүлде алды

Бүгiн, 09:39 107

Ақтөбеде дзюдодан өтіп жатқан ел чемпионатында елімізге белгілі екі дзюдошының күйеулері ел чемпионатында үздік атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әйелдер арасында ауыр салмақта белдесетін Кәмила Берліқаштың күйеуі Ислам Тоқтасын 73 келіде қола медаль иеленді. Алматы облысының намысын қорғайтын дзюдошы Атырау, Алматы, Жамбыл облыстарының балуандарын ұтып, жартылай финалға шықты. Алайда финалға шығар белдесуде ол Абай облысының өкілі Барыс Қуаннан айласын асыра алмады. Дегенмен, ол үшінші орын үшін белдесуде алматылық Ықылас Әлсейіттен басым түсті. 

Қос спортшы 2022 жылдың қыркүйек айында отау құрған болатын. 

Сонымен бірге, Парижде өткен паралимпиаданың чемпионы Ақмарал Науатбектің күйеуі Мәди Амангелді чемпион атанды. Ол 81 келіге дейін салмақта күресті. Астаналық балуан финал қызылордалық Айғали Қалдыбекті жеңді.

Фото: ҚР дзюдо федерациясы

 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: