Белгілі ақын Құрманай Бақтиярқызы өмірден өтті

28 Қазан, 13:00 12568

Белгілі ақын Құрманай Бақтиярқызы өмірден өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қаламгердің Instagram парақшасында балалары мәлімдеді.

Анашым Раббысына қайтты, дұғада болыңыздар, - деп жазылған желіде.

Айта кетейік, ақынға бұған дейін бірнеше рет ота жасалған еді. 

Жоспарланған операция. Бес жерден тесіп жақсы өткен. Асқазан ауырып жүргеніне екі жыл болды. Барлық анализдер жақсы шығып, отадан соң тұрып үйге қайтқанмын. "Ішек спайка болған тілу керек, әйтпесе болмайды" деді. Ары қарай білмеймін. Комаға түсіп, өң мен түстің ортасында Димаш Құдайбергенмен әлемдік концерттерде жүрдім. Иә, анық көрінеді. Жиырма күнге жуық ес-түссіз жатқанымды көрген достар бәріне дайын тұрды. Алланың қалауы ғой, "99/1 пайыз ғана үміт бар, дайын болыңыздар" деген екен, - деп жазған еді өзі.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: