ҚР еңбек сіңірген әртісі, кино және театр актрисасы Баян Имашева өқайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театрымыздың әртісі Баян Имашева өмірден өтті, - делінген Мұхтар Әуезов атындағы драма театрының Instagram-парақшасында.
Баян Имашева - 1941 жылы Түркістан облысы Түлкібас ауданында дүниеге келген. Өнер жолын Қарағанды облыстық драма театрынан бастаған. 1965 жылдан бері Қазақ академиялық драма театрының актрисасы ретінде қызмет атқарды.
Театр сахнасындағы Валя Панфилова (М.Әуезов пен Ә.Әбішев, «Намыс гвардиясы»), Бибіш (М.Мұқашев, «Дала дастаны»), Алма (Е.Домбаев, «Желіккен жеңгейлер»), Бөрте, Нұрғаным (И.Ғайып, «Шыңғыс хан» мен «Мен ішпеген у бар ма?»), Полина Андреевна (А.П. Чехов, «Шағала»), Рахия (Р.Мұқанова, «Мәңгілік бала бейнесі»), Қара кемпір (М.Жұмабаев, «Ғашықтық дерт»), т.б. сынды рөлдерімен жұрт жадында қалды.
Сонымен қатар, ол «Өмір жолы», «Көшпенділер», «Үзілмеген үміт» және т.б. кинотуындыларында басты рөлді сомдаған.