«Белдесу тағдырын төрт ұпай шешті». Әлішер Ерғалидің бапкері пікір білдірді

10 Тамыз, 19:40 924

Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Әлішер Ерғалидің жеке бапкері Пернебек Беласар Париж Олимпиадасындағы ширек финалдық жекпе-жекті қорытындылады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Өте өкінішті. Біз жақсы дайындықпен келген едік. Төрт ұпай бәрін шешіп кетті. 

Біздің мақсатымыз қарсыласты шаршату болған. Алайда, тағы да айтамын, сол төрт ұпай жоспарымызды бұзды. 

Тажудиновті бабында емес деп айтуға болмайды. Олимпиада болған соң, барлық балуан бабында келеді. 

Осы жеңіліс үшін халықтан кешірім сұраймыз. Енді Ахмед финалға шықса, әрі қарай жақсы күресеміз деп ойлаймын, - деді Әлішердің жеке бапкері Пернебек Беласар.

Айта кетелік, Әлішер Ерғали Олимпиаданың ширек финалында әлем және Азия чемпионы Ахмед Тажудиновке есе жіберген болатын.

Егер қарсыласы финалға шықса, қазақстандық балуан жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алады.

Зарина Арман
Бөлісу: