Беларусь сотталған екі азаматты Қазақстанға қайтарды

10 Мамыр 2023, 11:09 862

Беларусьтің Бас прокуратурасы сол жақта бас бостандығынан айырылған Қазақстанның екі азаматын қайтару туралы сұранысты қанағаттандырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Азамат «К» Беларусьте аса ірі мөлшерде пара бергені үшін, азамат «М» жеке құжаттарды ұрлағаны, тонағаны, және ұрлық жасағаны үшін тиісінше 5 жыл және 7 жыл 6 айға сотталған.

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен аталған азаматтарды жазасын одан әрі қарай өтеу үшін Қазақстанға жеткізді, - делінген Бас прокуратура таратқан мәліметте. 

Қазіргі уақытта олар Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: