Бекзат Алтынбеков: Домбыра - халқымыздың музыка мәдениетінің символы мен ұлттық кодымыз

9 Шілде 2019, 12:25 5414

Ұлттық домбыра күні елімізде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен биыл екінші мәрте аталып өтілуде.


Осыған орай, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы "Қасиетті домбыра" атты акциясын ұйымдастырды. Шара барысында Қарағанды облыстық Ассамблеясының өкілдері Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалаларында осы күні дүниеге келген бірнеше сәбиге ҚХА логотипі бар домбыраны сыйға тарту етті. 

Атап айтсақ, Жезқазған Аналар кеңесінің төрайымы, абзал ана, құрметті азаматша Зинаида Чумакова, қоғам белсенділері, қайырымгерлер мен меценаттар Бекзат Алтынбеков, Михаил Георгияди, Алексей Ломакин,Көңілбай Шүкенов, этномәдени бірлестік өкілдері, Шамиль Осин мен Зеновия Красивская жас босанған аналарды құттықтап, шақалақтарға денсаулық тілеп қайтты. 


«Бүгін біз осындай маңызды күнді атап өткенімізге шын қуаныштымыз. Домбыра - ежелден халқымыздың музыка мәдениетінің символы, ол әрқайысымыздың жанымызға жақын ұлттық кодымыз. Біз бүгінгі жас аналарға және олардың балаларына зор денсаулық пен бақыт тілейміз. Олар біздің еліміздің лайықты азаматтарын өсіріп, біздің дәстүрімізді, тіліміз бен рухани құндылықтарымызды ұрпағына жеткізе білсін», – деді Бекзат Алтынбеков.
«Дүние есігін ашқан баламыздың атын Ибрахим қойдық. Бүгінгі мерекені ұйымдастырушыларға, облыстық Ассамблеяға осындай құрметтері үшін алғыс айтамын. Мен өте қуаныштымын, бұл оқиға отбасымыз үшін ұмытылмас болды», – дейді жас ана Нұргүл Зыкірина.

Бөлісу: