Бектенов суармалы жерлердің көлемін ұлғайтуды тапсырды

15 Қазан, 13:06 344

Президент Жолдауын орындау аясында Олжас Бектенов су үнемдеу технологияларын енгізу есебінен суармалы жерлердің көлемін ұлғайтуды тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында вегетациялық кезеңді өткізу қорытындылары қаралды. Ол биылғы вегетациялық кезең су ресурстарының тапшылығынсыз өткенін атап өтті. Сонымен қатар суды үнемдейтін технологияларды қолданудың маңызына тоқталды. Әсіресе, бұл мәселе Қазақстанның оңтүстік өңірлері үшін ерекше мәнге ие.

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында экономиканың барлық салаларында, әсіресе ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын пайдаланудың маңызын атап көрсетті. Біздің елімізде үлкен су ресурстары жоқ. Суды үнемді жұмсау, бұл мәселеде халықты ғана емес, ең алдымен бизнесті ынталандыру өте маңызды. Сондықтан өңірлер су үнемдеу технологиялары бар егіс алқаптарын ұлғайту жөніндегі индикаторларға қол жеткізуге тиіс, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Су үнемдеу технологияларын қолдану жоспары асыра орындалған Қызылорда облысындағы оң нәтижелер айтылды. Өңір дәстүрлі түрде суды ең көп тұтынатын аймақ саналады. Биыл облыс суару тиімділігін арттыра алды, бұл судың едәуір көлемін үнемдеуге мүмкіндік берді.

Үкімет отырысы барысында Олжас Бектенов алдағы вегетациялық кезеңге дайындыққа ерекше назар аударды. Бұл мәселеде ауыл шаруашылығы және су ресурстары министрліктеріне маңызды рөл беріледі. Премьер-министр олардың басшыларына өңірлерге қажетті су көлемін берудегі іс-қимылдарды нақты үйлестіруді қамтамасыз етуді тапсырды. Ол үшін су қоймаларын толтыру және суару кезеңінде су шығынын азайту жұмыстарын жүргізу қажет.

Бұдан басқа, АШМ және су ресурстары басшылығына суармалы жерлер алаңын ұлғайту, аграршыларға су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау және су үнемдеу технологияларына инвестициялау кезіндегі шығыстарға қатысты өз функцияларын айқындау тапсырылды. Сондай-ақ суармалы жерлерде су үнемдеу технологияларын енгізуді ынталандыру тетіктерін әзірлеу, судың цифрлық есебін белсенді қолдану қажет.

Отырыс қорытындысы бойынша Олжас Бектенов жыл сайын су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, суармалы жерлердің көлемін 150 мың гектарға дейін ұлғайту жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды.иялық кезеңде су бөлу бойынша келіссөздерді сапалы жүргізу үшін көрші мемлекеттермен ынтымақтастықты күшейту қажет.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: