Бектенов: Президенттің экономиканың өсімін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы орындалады

30 Қазан, 11:51 424

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Асхат Рахымжанов премьер-министрден президенттің 2029 жылға қарай Қазақстан экономикасының өсімін 450 млрд долларға дейін жеткізу жөніндегі тапсырмасын Үкіметтің қалай орындап жатқаны туралы сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елдің 2025-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес, ЖІӨ-нің жыл сайынғы өсімі орта есеппен 5,4% деңгейінде жоспарланған. Мұндай көрсеткішке қол жеткізген кезде елдің жалпы ішкі өнімі 2025 жылы 321 млрд доллардан 2019 жылы 498 млрд долларға дейін ұлғаяды. Осылайша, мемлекет басшысының 2029 жылға қарай ЖІӨ көлемін 450 млрд долларға дейін жеткізу жөніндегі тапсырмасы орындалады. Бірақ Республиканы дамытудың 2029 жылға дейінгі бекітілген Ұлттық жоспарына сәйкес, ЖІӨ-нің жыл сайынғы өсімі жылына 5,6%-дан 6,9%-ға дейін болуы керек, - деді премьер-министр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: