Мәжілістің экс-депутаты, Мәдениет қайраткері Бекболат Тілеуханның әлеуметтік желіде тойда ән айтып жүрген видеосы тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Видеодан «Алаш ұраны» атты көпшілікке танымал рухты әнін орындап тұрғанын байқауға болады. Желідегі пікірдің көбісі негатив.
Айта кетейік, Бекболат Тілеухан «Қаңтар қасіреті» қарсаңында 2021 жылдың желтоқсан айында Мәжілістегі мандатын өз еркімен тапсырған еді. Сосын Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының (WEC) вице-президенті болып тағайындалғанын хабарлады. Біраз уақыт Түркияда жүрген ол биыл қыста елге оралған болатын. Бекболат Тілеухан Қазақстанға келгеннен кейін арада шамалы күн өткенде Түркияның бірнеше қаласында жер сілкінісі болып, 60 мыңға жуық адам қаза тапты.