Экс-депутат Бекболат Тілеухан журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлы туралы пікірін жеткізді. Бұл туралы Uaqyt.info сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оның айтуынша, қапаста отырған досына ол осы күнге дейін бармаған, хал-жағдайын білмеген, деп хабарлайды
Ішім удай ашыды. Әлі күнге ішім удай ашиды. Қимаймын түрмеге. Тамақ апарайын десем, кіргізбейді ғой. Тамақ апарар едім, кірер едім, бірақ енді менен басқа да кіретін қаншама адамдар бар. Туғаны бар, туысы бар. Қашан шығатынын білмеймін. Иншалла, шықсын, - деді Бекболат Тілеухан.
Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Сатыбалды қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, қаржы жымқыру фактілері бойынша алты жылға бас бостандығынан айырылған болатын.